Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды
Фото: polisia.kz

Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жасөспірім 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада хабарлады.

Іздеуді жүзеге асырған полиция, жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексерді. Тек сағат 12:00-ге қарай полицейлер қызды тапты.

Қазіргі уақытта қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Қыздың мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады. 

Еске салайық, бұған дейін колледжге оқуға кеткен Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.   

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина