"Колледжге оқуға кеткен". Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен қызды іздестіріп жатыр
 
Валерия Ефанова 2 қарашада сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, қазіргі уақытқа дейін оралмаған.

Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар.
 
Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығын дейін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!