Болат Назарбаев ауруханаға түсті - БАҚ

Болат Назарбаев ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы бірнеше БАҚ хабарлады. Мәлімет бойынша, Болат Назарбаев инфаркт алып, ауруханаға түскен. 

БАҚ мәліметінше, Назарбаевтың қазіргі жағдайы тұрақсыз. Себебі инфаркт бұған дейін бірнеше жылдан бері ауырып жүрген басқа да ауруларымен қатар болған.  

Еске салайық, былтыр шілдеде "Салиқалы ұрпақ" қорының директоры Қасым Қасабеков Болат Назарбаевтың жағдайын айтқан болатын.

"Болат Назарбаев тұрақты ауыр жағдайда екенін және 2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жауап берген еді ол.

Оған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосы жарияланған. Дереккөздерге сілтеме жасалып, дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайын өте ауыр деп бағалайтыны хабарланған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!