Ардагер спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ардагер спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Маңғыстау облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі

Маңғыстаулық Қайрат Бурбасов Абу-Даби қаласында (БАӘ) дзюдодан ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Бурбасов 30-34 жас аралығындағы ардагерлер арасында бақ сынап, жарыс барысында Франция және Грузия елінің спортшыларынан басым түсті. Ал финалда Италия елінің спортшысына есе жіберді.

31 қазан- 3 қараша аралығында дзюдодан ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатына 63 елден 973 спортшы қатысқан болатын.

Қазіргі таңда Қайрат Бурбасов МО ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы, елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы