Қарағандыда халықаралық робототехника фестиваліне 300-ден астам команда қатысты

Қарағандыда халықаралық робототехника фестиваліне 300-ден астам команда қатысты
Фото: gov.kz

Қарағандыда Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған RoboLand Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі биыл сегізінші рет өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Ресейден 300-ден астам команда жиналды. Екі күн ішінде олар 16 санат бойынша техникалық жарыстарға қатысады. 

"Мұндай фестивальдарда жеңіс емес, қатысу маңызды. Негізгі сыйлық – бұл жерде балалардың алатын білімі. Олар тәжірибе алмасады, басқа қатысушылардың жұмыстарын, техникалық шешімдерін көреді", - деді Халықаралық спорттық және білім беру робототехникасы қауымдастығының президенті Максим Васильев.

RoboLand фестивалі Қарағандыда 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы