Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрттің ресми себебі жарияланды

Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрттің ресми себебі жарияланды
Фото: azh.kz

Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрттің ресми себептері жарияланды. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сервистік ұйымдармен өткен жиында мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиында  2023 жылдың 9 маусымында болған Маңғыстау облысындағы Қаратұрын Оңтүстік кен орнындағы №303 ұңғымадағы апатты тексеру қорытындысы жарияланды.

Құрылған комиссия тексеру жүргізіп, апаттың себептері мен мән-жағдайларын анықтады. Атап айтқанда қосалқы мердігер "Заман Энерго" ЖШС: 

  • ұңғымаларды жобалық құжаттамасыз бұрғылаған;
  • жобалық құжаттамаға сәйкес жабдықталмаған бұрғылау қондырғысымен бұрғылау жұмыстарын жүргізген;
  • ұңғыма құрылысының технологиялық процесін бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген;
  • апат алдындағы жағдайларды дер кезінде тану және шығарындының алдын алу мақсатында аспапты көтерер алдында ұңғыманы шаймаған;
  • түсіру-көтеру операциялары кезінде көтерілген (түсірілген) бұрғылау құбырларының көлеміне сәйкес ұңғымаға құйылған (ығыстырылған) бұрғылау ерітіндісінің көлемін бақыламаған;
  • бұрғылау ерітіндісіндегі газдардың концентрациясын бақыламаған. 

Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы "Бозашы Мұнай" ЖШС мен мердігер "Сaspian Drilling" ЖШС:

  • бұрғылаудың технологиялық процестеріне дұрыс өндірістік бақылау жасамаған;
  • ұңғымаларды салу кезінде бұрғылау ерітіндісін дайындау, өңдеу, салмақтау және тазалау әдістеріне авторлық қадағалау жүргізбеген;
  • тиісті бұрғылау қондырғысының жұмысына бақылау жасамаған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы