Қазақстан шағын футболдан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстан шағын футболдан әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: gov.kz

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалдық белдесуінде Әзірбайжанмен шеберлік байқасып, келесі кездесуге жолдама алды. Енді олар Әлем чемпионатының финалында осы турнирде екінші орын алған Румыния өкілдерімен кездеседі.

Осылайша Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш мәрте финалға жолдама алды. Шешуші тартыс 4 қарашада өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы