Алматыда тұрғындар жолдың шұңқырына кілем төсеп қойған

Алматыда тұрғындар жолдың шұңқырына кілем төсеп қойған
Фото: aikyn.kz

Алматыда жол бойындағы шұңқырға кілем төселген видео желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, Айбергенов көшесі. Жергілікті тұрғындар ерекше әдісті қолданып, шұңқырды кілеммен жауып қоюды ұйғарыпты", - делінген тараған ақпаратта.

Алайда Наурызбай ауданының әкімдігі Айбергенов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.

"Жол желісін жөндеу аясында Айбергенов көшесінің бойындағы жолды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көрсетілген ескертулерді жою шаралары қабылданғанын хабарлаймыз. Сондай-ақ асфальт төсеу жұмыстары аяқталған", - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина