"2,7 миллион теңге, әшекей бұйымдар болған". Ақтауда сөмке ұрыларының әрекеті видеоға түсіп қалған

Ақтауда ішінде қомақты қаржы, әшекей бұйымдар мен ұялы телефоны бар сөмкені ұрлаған адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, сөмкеде 2 миллион 700 мың теңге болған. Оқиға 8 қазанда Ақтаудағы 12-шағынаудандағы аялдамада орналасқан дүкенде болған. Күдіктілер әйел адамның сөмкесін ұрлап кеткен. 

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 41 жастағы және 43 жастағы күдіктілерді анықтап, ұстады.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қалалық ҚП сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина