"Арбада отырған қыз адам емес пе?". Үйлену тойдағы жас жұп Қазнетті таңғалдырды

"Арбада отырған қыз адам емес пе?". Үйлену тойдағы жас жұп Қазнетті таңғалдырды
Фото: instagram.com/dauletten

Желіде арбаға таңылған бойжеткен мен жігіттің тойынан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Бекарыс Қошқарбай есімді Instagram желі қолданушысы парақшасында жарияланған. Кадрда ер азамат пен арбаға таңылған жарының үйлену тойын көруге болады.

"Бұндай ерлікке кез келген еркек бара бермейді. Жарайсың, нағыз азамат! Екі жасқа баянды бақыты тілейміз", - деп жазған Бекарыс Қошқарбай.

Осы тұста Желі қолданушылары жұпқа бақыт тілеген, бірақ олардың пікірі екіге бөлінген. Бірі жігіттің бұл ісін ерлік көрсе, екіншісі бұл қалыпты жағдай екенін, қыздардың да мүдегек ер адамға тұрмысқа шығатынын жазған.

"Мойындаңыздаршы 1 күн ауырып жатып қалсақ керек болмай қаламызғой. Ал бұл бала үлкен ерлік жасап жатыр", "Арбада отырған қыз адам емес пе? Қыздарда арбада отырған жігітке шығып жатыр, олар еленбейді, арбадағы қызды алып еді жігітті көкке көтеріп жатырсыңдар… деген сияқты пікірлерге айтар пікірім, ол былайғой, арбада отырған жігітке тұрмысқа шыққан келіншек, оған шай тамағын дайындап, ата-енесіне қызметін жасайды. Ал арбадағы қызды келіншек қылып отырған жігітті көкке көтеру себебі, мұндай қадамды екінің бірі жасай бермейді, себебі көп жігіттер ата-анасына дені сау келін апарса да, бүкіл шаруаны тындырып отырсада сыйыстырмайды келінді. Ал бұл жағдайда ата-анасы көніп, жігіт алып тұрғаны ерлік емей немене?", "Жігітке құрмет. Осындай ер азамат туған ата-анасына рахмет. Қазіргі ер азаматтар майдаланып кеткен сау болғанның өзінде тастап кетіп жатады. Бақытты болыңыздар, қыз аяғынан тұрып кетсін, балалы болсын!!!"

"Ерлікке балаудың қажеті жоқ! Ол қыз адам емес пе? Тек арбада отыр, арба пайдаланушы ғана. Бақытты болсын!", "Қыздар осындай мүгедек еркекке тұрмысқа шығып жатса, оны қалыпты қабылдайды, ал еркектер осындай қадам жасаса, оларды көкке көтеріп, мақтап, батыр бола қалады, біздің қоғамда неге сонша еркектер жоғары бағаланады?", "Қыздардан бұндай ерлікті көріп жүрміз, бірақ ер азаматтардың ерліктерінің алғашқысы. Бақытты болыңдар!", - деп пікір қалдырған Желі пайдаланушылар.

Айта кетейік, бұған дейін ергежейлі жігіттің сүйіктісіне жасаған ұсынысы желіде қызу талқыланған еді. Кейінірек Желіні шулатқан ергежейлі дігіт пен оның қызы шариғат бойынша некесін қиды. Желі қолданушылары бұл жұпты сынның астына алып, пікір қалдырған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Диабетиктерге не жеуге болмайды?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә