Қара шай жүйке жүйесіне қалай әсер етеді?

Қара шай жүйке жүйесіне қалай әсер етеді?
Фото: azerbaijan_stockers/Freepik

Қазір көпшілік үшін стресс таныс құбылыс. Оны жылдам әрі нәтижелі жеңу үшін тек демалу жеткіліксіз. Мамандардың айтуынша, жүйке жүйесінің саулығы үшін қара шайды ішкен абзал,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қара шайдың дәмі мен хош иісі ғана емес, құрамы да бай. 

Қара шайдың пайдасы: 

  • А, С, В1, В2, РР дәрумендері;
  • аминқышқыл;
  • флавоноид;
  • танин;
  • теин - шай кофеині және теофиллин сияқты алкалоидтар;
  • эфир майлары және органикалық қышқылдар;
  • калий, магний, натрий, фтор, кремний, мыс, йод, кальций және фосфор.

Сонымен қатар, қою қара шай құрамындағы теофиллиннің арқасында бронх демікпесінің ауыртпалықтарын жеңілдетеді.

Қара шайдың зияны:

  • асқазан-ішек жолдарының аурулары (гастроэзофагеальді рефлюкс, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы);
  • жүрек-қан тамырлары аурулары (аритмия, гипертония және т. б.);
  • бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары (зәр қышқылының жоғарылауымен мәселелер), қант диабеті;
  • жүйке жүйесінің бұзылуы.

Асқазан-ішек жолдарының әртүрлі ауруларының өршуі кезінде қара шай ішу өте қауіпті.

Қара шай қан қысымына қалай әсер етеді?

Қою қара шай құрамындағы кофеин қан қысымды жоғарылатады. Сонымен қатар, оның құрамында денені босаңсытатын және жоғары қан қысымын біртіндеп төмендететін танин де бар. Сондықтан қара шай кофеге қарағанда әлдеқайда жеңіл.

Шай құрамындағы полифенолдар жүрек-қан тамырлары ауруларынан, соның ішінде инсульттан болатын өлім қаупін төмендететіні ғылыми дәлелденген. Шай сонымен қатар холестеринді төмендетуге көмектеседі.

Қара шай жүйке жүйесіне қалай әсер етеді?

Шай құрамындағы кофеин сергітеді, қан айналымы мен ақыл-ой белсенділігін жақсартады, ми тамырларын кеңейтеді. Сонымен қатар, шай сезімталдық пен ассоциативті функцияны күшейтеді.

Шай орталық жүйке жүйесін қоздырады, жүректің белсенділігін ынталандырады, бұлшықеттің жиырылуын күшейтеді, қан қысымын, жылу өндірісі мен зәр шығаруды арттырады, асқазан секрециясын күшейтеді.

Айта кетейік, бұған дейін қара шайды дұрыс демдеудің ережелері хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қымыздың қанша түрі бар?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә