Алматы облысында ер адам жеті жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

Алматы облысында ер адам жеті жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді
Фото: freepik

Алматы облысының Қарасай ауданында полицейлер жеті жасар баланы зорлады деген күдікпен 1963 жылы туған ер адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый регион"-ға сілтеме жасап.

Оқиға Қошмамбет ауылында болған.

"2 қарашада Қарасай аудандық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғыннан таңғы сағат 7-лер шамасында бейтаныс ер адам оның кәмелетке толмаған ұлына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы хабарлама түсті", - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша іс қозғады.

Қазіргі уақытта полицейлер істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды қолданып жатыр. Күдікті өмір бойы белгілі бір лауазымды атқару құқығынан және 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан