Қазақстан бокстан Азия чемпионатында тоғыз алтын медаль жеңіп, Өзбекстаннан озды

Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында тоғыз алтын иеленді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды.

Жүлде бойынша ТОП-3 мемлекет:

  • Қазақстан — 9 алтын, 3 күміс, 8 қола;
  • Өзбекстан — 8 алтын, 8 күміс, 4 қола;
  • Үндістан — 6 алтын, 8 күміс, 6 қола;

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.

Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді:

  • Ең үздік жасөспірім қыз боксшы — Аяжан Сыдық (Қазақстан);
  • Ең үздік жасөспірім ұл боксшы — Фужуки Юга (Жапония);
  • Ең үздік жас қыз боксшы — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан);
  • Ең үздік жас ұл боксшы — Төрехан Сабырхан (Қазақстан);
  • Ең үздік төреші — Мариф Урдешев (Өзбекстан), Мария Каваклиева (Болгария).

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!