Қарағандыда ер адам тұрғынның алтын алқасын тартып алып, ломбардқа өткізіп жіберген

Қарағанды полиция басқармасына қарасты Жаңа майқұдық полиция бөліміне түнгі уақытта аудандағы дәмханалардың бірінің маңында белгісіз біреу қала тұрғынына шабуыл жасағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

51 жастағы жәбірленуші азаматша тәртіп сақшыларына түнде үйіне кетіп бара жатқанда белгісіз біреу шабуыл жасап, мойнынан алтын алқасын тартып алғанын айтты. Оған келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған азаматтың түр-түсін сипаттап берді.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азаматты ұстады. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған алқаны ломбардқа тапсырғанын айтты. Айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!