Тоқаев Ердоғанды әуежайдан өзі шығарып салды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Астанадағы сапары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды әуежайдан құрметтеп шығарып салды.

Тоқаев пен Ердоған қол алысып қоштасты.

Мәртебелі мейманды шығарып салу үшін құрметті қарауыл сап түзеді.

 

Режеп Тайып Ердоған ұшаққа кірердің алдында қол бұлғап қоштасты және қазақстандық делегацияға алғысын білдірді.

Мұның алдында Режеп Тайып Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартып, сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!