Ақтөбе облысында құны 65 миллион теңге болатын жылқы жоғалған

Ақтөбе полицейлері ауыл тұрғынына құны 65 миллион теңге болатын жоғалған малын тауып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

31 қазанда Қарғалы ауданының полиция бөліміне 76 жастағы ауыл тұрғынынан 130 бас жылқы жоғалғаны туралы арыз түсті. Жәбірленуші залалдың жалпы сомасын 65 миллион теңгеге бағалады. Жәбірленушінің арызы тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу және жоғалған жылқыларды іздеу үшін полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдаған. Үш тәулік ішінде бес көлікпен 15 полиция қызметкері малды іздеуге жұмылдырылыпты.

Үш күннен кейін жоғалған мал шаруашылықтан 60 шақырым жерде табылып, ұрлық болмағаны анықталды. Осыған байланысты тергеу тоқтатылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!