"Жанжал дінге бөлшектеп жатыр". Тарихшы Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс туралы айтты

"Жанжал дінге бөлшектеп жатыр". Тарихшы Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс туралы айтты
Фото: © Reuters

Израиль мен Палестина арасындағы жанжал бір айдан асты. Қазіргі жағдайды қандай? БҰҰ неге басынан-ақ екі елге тиесілі жерді реттей алмаған? Massaget.kz тілшісі тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлымен сұхбаттасты. Ол Таяу Шығыстағы саяси мәселелердің күрделі екенін, оған эмоцияға беріліп біржақты баға бермеу керегін айтады. Ол бәрінің артында экономикалық алыптар тұр дейді. 

"Израиль мен Палестина екі алып мемлекеттің, оның ішінде Ресей мен ұжымдық батыстың арасындағы күрестің құрбаны деп айтуға болады. Палестинаның артында Ресейдің тұрғаны анық, олар қазіргі жағдайынан шығу үшін әлемнің назарын Таяу Шығысқа бұруға тырысып жатыр. Сондықтан бұл - алыптардың саясаты", - дейді ол. 

Тарихшы "БҰҰ неге басынан-ақ екі елге тиесілі жерді реттей алмаған?" деген сұраққа жауап берді. 

"Екі ел арасындағы қақтығыс 1940 жылдары басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін еврей халқына үш жер ұсынылды. Ұсыныста оңтүстік және орталық Африканың бос жерлері және қазіргі Иерусалим маңайы болды. Африкадағы жерлер құнарлы болғанымен, еврей басшылары келіспеді. Кейін БҰҰ-ның қарарымен 1947 жылы қазіргі Палестина жерінде Израиль мемлекеті құрылды. Өйткені қазіргі Иерусалимді еврейлер тарихи жеріміз деп, иеліктерді сатып ала бастады", - деді маман. 

Сондай-ақ, ол соғысқа қай елдер түрткі болғанын айтты. 

Бұл - өте күрделі саясат. Біржағына шығып "мынаныкі дұрыс" деп айтудан аулақ болуға тиіспіз. Жанжалға екіжақты да айыптауға болады, екі елдің де кінәсі бар. Мысалы, Израиль мемлекетін құруға осы уақытқа дейін ат салысып келе жатқан АҚШ-тың билігінде отырған еврейлердің үлесі көп. Ал ХАМАС-тың артында тұрған басқа да араб елдері, олар Израильдің аумағы дамып, терриориясының кеңейгенін қаламайды. Сондықтан "мына елдікі дұрыс емес" деп қаралау дұрыс емес. Израиль мен Палестиның саналы әрі білімді азаматтары сырт елдерде бірге кәсіп жасап, бірге өмір сүріп жатыр. Ондай азамат көп. Мұның астында саяси ойын жатыр. Әлемдегі, әсіресе АҚШ-тағы трансұлттық қару-жарақ шығаратын корпорациялардың мүддесі жатыр. Бұл мәселеде БҰҰ қанша қарар қабылдаса да, Ресей мен Батыс уәждемеге келмесе, бұл соғыс таяу арада тоқтамайды. Былтыр басталған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс әлемді екіге бөлген болса, биыл Таяу Шығыстағы жанжал дінді бөлшектеп жатыр. Мұндай соғыс пен ел ішіндегі тұрақсыздық кейбір саяси күштерге тиімді", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Massaget.kz тілшісі Израиль имен Палестина арасындағы қақтығыста БҰҰ ұстанымына шолу жасаған еді.

Олжас Адай 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз