"Бригададан екеуі ғана тірі қалды". Шахтадағы жарылыс кезінде әріптесін аман алып қалған кенші апат туралы айтты

Қарағанды маңындағы шахтада болған апат кезінде тірі қалған кеншілердің бірі басын қатерге тігіп, ес-түссіз жатқан жерден өзін тауып алған "батыр" жайлы айтып берді. Massaget.kz тілшісі қаһарманмен де, құтқарылған азаматпен де тілдесті.

Жарылыс кенші Еркін Ахметовтің ауысымы басталғаннан кейін жарты сағат өткен соң болған. Басқа кеншілермен бірге оны қатты дүмпу шетке лақтырып жіберген. 32 жастағы жігіт сол сәттің аса қорқынышты болғанын жасырмады. Қараңғы, шаң әрі газдың иісі болған қай жерден шығу керегін бағдарлау қиын болды. Алайда ол тіршілік үшін бәрін жасап, шығудың амалын іздеген. 300-400 метрден кейін жерде жатқан адамға тап болған. Ол кеншінің тірі екенін, бірақ ес-түссіз жатқанын байқаған. Оның арнайы қорғаныс жабдығы сынып, тек байлайтын белдіктері қалған. Ол ер адамды дереу құтқаруға кіріскен. Кеншілер тобымен кездескенде, Еркін оларды да көмекке шақырған.

"50 метрден жүріп өттік. Артынша кеншілерді байқадым. Бәрі таңғалды. Кішкене дүрбелең болды. Мен ана жерде адам жатыр деп айттым. 5 адам көмек қолын созды. Бәрі емес. Мен оларды түсінемін. Мұндай жағдайда адам өзін басқаша ұстайды. Шамамен 10-12 адам жиналып, Қайратты көтеріп, демеп ұстап алып жүрдік. Ол жерде бәрі қым-қуыт, оңайға соқпады", -деді 4-разрядты кенші Еркін Ахметов.

Қайрат Байәділовтің жер асты қазбасында жанып тұрған шаңның толқыны оған қарай беттегені ғана есінде қалған. Қатты соққы Қайратты 6-7 метрге лақтырып жіберген. Жарылыстан бір жарым сағат өткен соң, ауруханада оянған. Оның 15 кенші болған бригадасынан екеуі ғана тірі қалды.

"Өз-өзіме келдім. Муруханада мені арбаға салып алды. Маған "Ағатай, ауыр екенсіз" деді. "Біз сені әрең көтердік" дейді. Мен олардың ешбірін танымаймын. Алайда олар менімен жылы сөйлесті", - деді тазарту кенжарының тау-кен жұмысшысы Қайрат Байәділов.

Қайрат 40 жылға жуық шахтада жұмыс істейді және кеншілер оны құтқарып алмағанда осында отырмасына сенімді. Ал Еркін өзінің ерлігі туралы тіпті жақындарына да айтпаған.

"Қорқынышты болды, егер сол кезде бұдан әрі соққы берсе, біз қаза болып кететін едік. Менің ойымша, бұл әрекет батырлыққа жатпайды. Бұл - ердің ісі. Шахта - өте қауіпті орын. Біз өзіміз бұл мамандықты таңдап алдық. Мен бұны енді түсіндім", - дейді қаһарман кенші Еркін Ахметов.

Құтқарылған ер адам мен Еркін Ахметов таныс емес еді. Қайрат Костенко шахтасында 12 жыл жұмыс істейді, ал Шахтинскіден шыққан Еркін Қазақстан шахтасында қызмет атқарған. Кейін ол Костенкоға ауыстырылды. Енді олар ағайындылар сияқты. 

Жандос Бақытұлы 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!