Өзі секірген: Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды

Қарағандыда қаланың қақ ортасында жол көлік оқиғасы тіркелді. Автобус жаяу жүргіншіні басып өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодан автобус жүріп келе жатқанда жаяу жүргіншінің оның астына өзі секіргенін көруге болады.

45 жастағы қала тұрғыны оқиға орнында қаза тапты.

"Полиция қызметкерлері бейнежазбаны қарап шықты. Қозғалған қылмыстық істің негізінде оқиғаның мән-жайы нақты анықталады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!