Шығыс Қазақстан облысында ішіп алып, жол апатына ұшыраған әкімді қандай жаза күтіп тұр?

Шығыс Қазақстан облысында ішіп алып, жол апатына ұшыраған әкімді қандай жаза күтіп тұр?
Фото: Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысында ішіп алып, жол апатына ұшыраған ауылдық округ әкімін қызметінен босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, тәртіптік іс 31 қазанда қаралған.

"Алтай ауданы Малеев ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша әкімді қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімі мас күйінде жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын. Оқиға 1 қазан күні болған. "Chevrolet Niva қызметтік көлігін тізгіндеген әкім аулада тұрған ВАЗ 21099 көлігіне соғылған. Жол апаты Алтай қаласында болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан