Алматыда күзетші оқушыны зорламақ болды: мектеп директоры жұмыстан босатылды

Фото: Видео кадры

Алматы мектептерінің бірінде күзетші 11 жастағы оқушыны зорламақ болған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы мектептерінің бірінде видеоға түсіп қалған оқиға туралы журналистер министрден сұрады. Бейнебақылау камерасы қарт адамның 6-сынып оқушысына құжат беріп жатқаны, күтпеген жерден оны құшақтай жөнелгені түсіп қалған. Кейін тіпті ер адам қыздың ернінен де сүйіп алады. Қорыққан қыз қашып құтылып, бірден атасына телефон соғады.

"Білім беру басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Осы білім беру ұйымының басшысы қызметінен босатылды. Бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіләп жатыр.

Мұндай деректерді көрген сайын Балалардың құқықтарын қорғау комитеті дереу шығып, тергеуге қатысады және барлық шара комитеттің тұрақты бақылауында болады. Сондықтан жұмыс жүргізіліп жатыр. Тек бұл мектепке қатысты емес. Әрбір жағдай бойынша тиісті отырыстар шұғыл өткізіледі", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда оқушыны зорламақ болған мектептің күзетшісі қамауға алынғаны хабарланған еді. Жеткіншектің ата-анасы 62 жастағы ер адамның сол күні араққа сылқия тойып алып, арам ойын іске асырғысы келгенін айтып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек