Ер адам көгершіндеріне шабуыл жасаған мысықты ағашқа жіппен керіп байлап тастаған

Ер адам көгершіндеріне шабуыл жасаған мысықты ағашқа жіппен керіп байлап тастаған
Фото: podrobno.uz

Өзбекстанда әлеуметтік желілерде жануарға қатыгездік жасалғаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Кадрларда ер адам көгершіндерін аулаған мысықты төрт жағынан байлап, ағашқа шегелеп, керіп тастағаны көрінеді.

Басылым журналистері құқық қорғау органдарынан ер адамды тауып, заңға сәйкес шаралар қабылдауды сұраған.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда ер адам лифтіде итті тепкілеп тастағаны хабарланды. Оқиғаның видеосын Орал көшесі, 45 "Б" ("Теңіз"тұрғын үй кешені) тұрғындары жіберген. Олардың айтуынша, оқиға 4 қыркүйекте түн ортасында болған. Кадрда "аккумулятор сарапшысы" деген жазуы бар киім киген ер адам итті жұдырықтап, кейін тепкілегені көрінеді. Ал қорыққан ит лифтіде қажетін өтеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова