"Мұсылмандар тойламайды". Хэллоуин мерекесімен құттықтаған әнші жұрттың сынына қалды

Жастар арасында танымал Зируза Тасмағамбетова оқырмандарын Хэллоуин мерекесімен құттықтап, жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хэллоуин мерекесіне орай вампир бейнесіне айналып, өзінің Іnstagram-парақшасында видео жариялады. 

"Хэллоуин құтты болсын",- деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін сынның астына алып, түрлі пікір қалдырды. 

"Хэлуин тойламайтын едік қой Зиру", "Мұсылмандар тойламайды", "Әп-әдемі түріңді былғап", "Ұят-ай, біздің мереке емес", -  деп жазды олар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!