"7 миллион теңге". Танымал әнші ата-анасына су жаңа көлік сыйлады

"7 миллион теңге". Танымал әнші ата-анасына су жаңа көлік сыйлады
Фото: instagram.com/askhat_targin

Танымал әнші Асхат Тарғын ата-анасына су жаңа көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесінің өзі instagram парақшасында жариялады. Әнші сыйлаған көліктің нарықтағы бағасы - 6,5 миллионнан, 7 миллионға дейін.

"Кеше әулетімізде үлкен қуаныш той болды. "Қуанышты бөліссең көбейеді" дейді ғой. Сол қуанышымызбен бөлісейін деп тұрмын. Анам 70 жасқа келді. Әкем екеуінің отау құрғанына 50 жыл толып, алтын тойды Шалқарда атап өттік. Алланың қалауымен әкеміз бен анамызға көлік мінгіздік. Ауыл арасында, той-садақаға мініп жүрсін. Ата-анамыздың ризашылығын тірісінде алғанға не жетсін. Баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазды Асхат Тарғын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асхат Таргын (@askhat_targin)

Желі қолданушылары әнші жылы лебіздерін жазып, пікір қалдырды. 

"Құтты болсын, тойларға мінсін", "Жүрегім ,ата әдемі қуанып тұр ғой ,жарайсыңдар", "Ұзағынан сүйіндірсін", "Той тойға ұлассын, аға",-деп жазды олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы