"Тауып алып өлтіремін" дейді". Алматы облысында эпилепсияға шалдыққан әйел күйеуі үстінен тоқал алғанын айтады

Алматы облысының тұрғыны Ақерке Құмбаева аурушаң болғанына қарамастан, күйеуі үстінен тағы бір әйел алғанын жеткізді. Бұл мәселе "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақерке Құмбаеваның сөзінше, жары жанына жолатпай, қуып шыққан. Ол 5 жастағы қызымен жалғыз қалып, тоқалдың тоқпағына төзгенін айтады. Оның сөзінше, тіпті басқа еркектерге күштеп беріп, тағдырын талқандағандар болған.

"34 жастамын, 2013 жылы тұрмысқа шықтым. Заңды некеге тұрған жоқпыз. Қайын атам таныстырды. Кейін аяқ асты өзгеріп кетті (күйеуім - еск.). Қызымыз бар, жасы бесте ", - дейді ол.

2010 жылдан бастап Ақеркеде эпилепсия ауруы басталған екен.

"Бір күнде он рет құлаймын. Екі-үш сағат кейде төрт сағат (есімнен танып қаламын - еск.)", - дейді ол.

Ақеркенің сөзінше, күйеуі кейін үстінен басқа әйел алып келген.

"Аяқ асты жаңа жылда Әйгерімді ертіп келді. Одан кейін ертесіне мені оятты. "Мен әйел алайын деп едім" деді. "Мен ше?" десем, "сенен шаршадым, күнде құлайсың" дейді. Құласам өзім құламаймын ғой. Аяқ асты келген ауру, Құдай берген... "Сен кет" дейді (Әйгерім - еск.). Сенің күйеуіңді мен алғанмын, енді сен кет" деп қуатын", - дейді Ақерке күйеуі мен оның тоқалы туралы.

Ал Әйгерім күйеуінің бірінші әйелі барын білмей, тұрмысқа шыққанын айтады. Оның үстіне бірінші әйелге құрбысындай қарағанын жеткізді. 

"Ақеркенің баратын жері жоқ, орталарыңда қыз бар, қосылыңдар" деп айттым (күйеуіме - еск.). Күйеуім "қосылмаймын, қосыла алмаймын" дейді. Ұйықтап жатқан кезде, түнгі 2-де ме, 3-те ме талып қалады. "Керек емес, үйленбеймін" дейді. "Одан да сенен де кетейін, Ақеркеге де қосылмаймын, басым ауған жаққа кетемін" дейді. Оның үстіне ол Ерланнан кейін Сүмбеге тиді, тағы бір оралман кісіге тиді, одан кейін тағы бір кісіге тиді. Үш рет тұрмысқа (шықты - еск.)", - дейді Әйгерім.

Ақеркенің сөзінше, Әйгерім өзіне құл секілді қарап, әркімге күйеуге берген.

"Әйгерім маған тиіспесін. Қызы ма тиіспесін, маған да тиіспесін. "Тауып алып, өлтіремін" дейді. Маған өштесіп алған. Байымды да бердім, үйімді де бердім", - дейді Ақерке.

Ал Ақеркенің бұрынғы күйеуі Ерлан онымен еріксіз үйленгенін, ортақ қыздарын асырауға шамасы жоғын айтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!