"Жұмыстан аман-есен оралса екен…" Депутат Айдарбек Ходжаназаров әкесі жайлы жантебірентер жазба жариялады

"Жұмыстан аман-есен оралса екен…" Депутат Айдарбек Ходжаназаров әкесі жайлы жантебірентер жазба жариялады
Фото: parlam.kz

Депутат Айдарбек Қожаназаров әкесі жайлы жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, әкесі 15 жасынан бастап жанынан тастамай алып жүрген.

"Шаруаның адамы ғой, дамыл таппайтын. Тіпті әлі күнге дейін солай. Бір қарағанда біздің әулетті білмейтін адамға осынша игіліктің барлығы бірден келе қалғандай көрінуі мүмкін. Бірақ олай емес. Әкеміздің отбасына қамқорлығы, туған-туысқа жанашырлығы, тәрбиесі мен тәлімі мені және менің бауырларымды қазіргі деңгейге жеткізді. Әкеме ылғи өзімен бірге ертіп жүргені үшін қарыздармын.

Мұның артында қаншама игілік бар… Қарағандыдағы оқиғаны 1-2 күнде ұмыта салу мүмкін емес. Ұмытпаймыз-ау, бірақ ақпараттың ағыны қатты заманда бір нәрсені есте ұстап тұру да өте қиын. Алайда шахтерлармен болған жағдай өте ауыр тиді. Қанша бала қамқоршысыз қалды. Қанша үй қара жамылды. Қиын. Білмеймін, бірақ парақшама осы ойларды жазып қойғым келді… Әкелер, аға-бауырлар әр күн сайын жұмыстан аман-есен оралса екен…", - дейді депутат. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина