Әйелін досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адам моралдық өтемақы төлейтін болды

Әйелін досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адам моралдық өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокат Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) ер адамның жазалануына қол жеткізген. Алайда сот Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Зорлау) және 128-бап (Адам саудасы) бойынша жауапкершілікке тартудан бас тартқан.  

Адвокат Ибрагим Сәдуақасовтың сөзінше, биыл шілдеде моралдық өтемақы алуға қатысты сотқа өтінім берілген. 

"Біз соттылықты талапкердің, яғни жәбірленушінің тұрғылықты жері бойынша - Солтүстік Қазақстан облысының аудандық соттарының бірін таңдадық. Өтемақыға дәлел және негіз ретінде біз заңды күшіне енген сот үкімін тіркедік, ол бойынша жауапкер 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, іс материалдарына ер адам жәбірленушіні жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп жатқан видеоны да тіркедік. 

Сотта айыпталушы жазасын өтеп жатқан дерінен онлайн қосылды. Оның жауапкері де қатысты. Олар сот ісін толық мойындамады. Біз 10 миллион теңге көлемінде моралдық өтемақы талап еттік. Сот біздің талабымызды орындамайтынын жақсы түсініп тұрдық. Бірақ бұл айыпталушы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығып кетпеуі үшін істедік", - дейді адвокат. 

Нәтижесінде сот талапты ішінара қанағаттандырып, 1,5 миллион теңге кқлемінде моралдық өтемкақы төлеу туралы шешім шығарған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!