Мемлекет қайраткері Әділбек Жақсыбековтің жары өмірден өтті

Мемлекет қайраткері Әділбек Жақсыбековтің жары өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық Олимпиада комитеті марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті Әділбек Жақсыбековке жары Ләззат Ибраһимқызының қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады. Қазақстанның барша спорт қауымдастығы сізбен бірге жарыңыздың орны толмас қазасына ортақтасады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі, қорғаныс министрі секілді жауапты қызметтер атқарған. Ашық дереккөзде оның жары - Ләззат Ибрагимова 1955 жылы дүниеге келгені, мамандығы экономист екені айтылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!