"Мен өлген кезде әйелім менің аузыма су тамыза ма, оны білмеймін". Актер Алмат Сақатов отбасы туралы айтты

"Мен өлген кезде әйелім менің аузыма су тамыза ма, оны білмеймін". Актер Алмат Сақатов отбасы туралы айтты
Фото: видеодан алынған кадр

"Бауыржан шоу" театрының жарқын жұлдызы, актер Алмат Сақатов отбасын сақтап қалған әйеліне алғысын білдірді. Бұл туралы актер Ұрпақ бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кинода көп кейіпкердің образын ойнап шыққан Алмат Сақатов, отбасында тым қатал екенін жеткізді.

"Мен өлген кезде үйдегі жеңгең менің аузыма су тамыза ма оны білмеймін. Себебі әйеліме өте қатал болдым. Таңдау жоқ бізде. Қатты қаталмын. Өкпелетіп алсам, норковый шуба әперу, ұрысып қалсақ Антальяға жолдама беру деген жоқ. Біздің үйде екі ғана нұсқа. Менікі дұрыс немесе мен қателескен жоқпын. Кінәлі мен емес жағдай сондай. Сол нәрсенің бәріне көніп, қасымда жүрген әйелім Нұргүлге мен басымды иемін. Ол рас. 34 жыл бірге тұрып келеміз. "Тамашада" жүргенде басқа өнерпаздар маған "бірінші айырылысатын сен болатын шығарсың" дейтін, 2-3 қатын алатын сен болатын шығарсың деп ойлағанын жеткізген. Бірақ айтқан адамдардың өздері айырылысып кетті. Бұл сенім бе, кешіре алу ма ол жағын білмедім", дейді актер.

Сондай-ақ, өнер иесі әйелімен ажырасып кетпеуіне де қайын атасының тәрбиесі ықпал еткенін жеткізді.

"Білмеймін. Бірақ 34 жыл біргеміз. Кешіре алу қасиеті шығар бұның бәрі. Өйткені менің қайын атам мықты кісі болды. Өте кең адам болды. Ұсақ-түйекті байқамайтын, кең адам болды. Біз жеке өмірде мына ұсақ түйекке көп көңіл бөлеміз. Ал ол кісі алыстан ойлайтын, көп нәрсеге мән бермейтін. Әйелімнің мінезі сол кісіге ұқсайды. Мен балаларымның нағашыларына тартқанына, ұқсағанына қуанамын. Мен сияқты болса, мүмкін балам баяғыда сотталып кетіп, бес қатын алар ма еді", - дейді Алмат Сақатов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы