"Ақшаңызды тартып алуы мүмкін". Нұрлан Қоянбаев өзі туралы жалған ақпарат тарағанын айтты

Танымал актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев өзі туралы жалған ақпарат тарағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті. Ол оқырмандарын алаяқтардан сақ болуға шақырды.

"Мұқият болыңыз! Алаяқтарға алданып қалмайық! Ғаламторда, Instagram-да, Facebook-те мен туралы жалған ақапарат тарап жатыр. Менің тегімді пайдаланып, алаяқтар белгісіз сайтқа адамдарды тартып жатыр. Алданып қалмаңыздар. Олар сіздердің жеке деректеріңіз бен ақшаңызды тартып алуы мүмкін, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев "Қазақша бизнес Бразилияда" фильмінің түсірілім барысын көрсеткен еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!