Алматы облысында жол апатына түскен кішкентай қыз бұрын зорланған болуы мүмкін: полиция пікір білдірді

31 қазанда Nemolchi.kz қорының президенті Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жазба жариялады. Онда ол Алматы облысының балалар клиникалық ауруханасына жол апатына түскен қыздың жеткізілгені айтылған. Тексеру дәрігерлер қыздан зорлық белгілерін байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Nemolchi.kz қорының президенті Дина Таңсәрінің Желіде жариялаған жазбасында қыздың анасы пышақ жарақаттарымен ауруханада жатқаны белгілі болды. 

"Қараусыз қалған қыз жолға шығып кеткен. Оны көлік қағып кеткен. Нәтижесінде ол ауруханаға жеткізілген. Қасында әжесі бар. Дәрігерлер қызды тексергенде зорлық белгілерін байқаған", - делінген видеода. 

Полиция қызметкерлері бұл мән-жайларды дереу тексеріп, медициналық мекемеге жедел-тергеу тобын жіберді.

Қазір травматология бөлімшесінде 28 қазанда жол апаты салдарынан ауруханаға түскен екі бала (5 және 7 жаста) емделіп жатыр. Оқиға орнынан жедел жәрдем қызметкерлері жеткізілді.

Бұл балалардың анасы оларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері дерегін жоққа шығарады.

Медициналық тексеру нәтижесінде жыныстық сипаттағы әрекеттерге тән жарақаттардың жоғын анықталды.

Сонымен бірге, Алматы облысы бойынша ПД өкілдері аумақтық бөлімшелеріне жарияланымда көрсетілген дерекке қатысты басқа арыздар мен өтініштер түспегенін хабарлады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!