Астанада қойды сүйреп, Астананы аралап жүрген блогер қамауға алынды

Астаналық блогер Біржан Әубәкіров 5 тәулікке қамауға алынды. Ол қойды сүйреп, Астананы аралап жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің өзі видеоны Instagram-парақшасына жариялаған.

"Қоймен қыдырдым. 5 күнге жауып тастады", - деп жазды блогер. 

Бұл дерекке қатысты Астананың Полиция департаменті пікір білдірді. 

"2023 жылдың 24 қазанында 25 жастағы астаналық блогер әлеуметтік желілер арқылы жұрттың назарын аударғысы келіп, "Азия Парк" сауда орталығында тірі қоймен қыдырып, тіпті қоғамдық көлікті пайдаланбақ болған.

Блогер ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 407-1-бабы жануарларға қатыгездік жасағаны үшін және 434-2-бабы қоғамдық орынды ластағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді ПД өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!