Рүстем Жүгінісов "көз тию" дегенге сенетінін айтты

Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде бала-шағасын көрсетпейтінін, өйткені көз тие ме деп қорқатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рүстем Жүгінісовтен оқырмандарының бірі "Неге бала-шаға жайында түсірмейсіз?" деп сұраған.

"Жалпы кезінде мен бала-шағаны көрсетіп, түсіре беретін ем. Өздеріңіз білесіздер, көз деген нәрсе бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) "Көз - ақиқат" деп айтқан. Көз тию деген бар, бар болғаннан кейін барынша сақтану керек деп ойлаймын. Сол себепті қазір бала-шағамды көрсетпеймін", - деп жауап берді ол.

Ол сонымен бірге балаларды тіл-көзден сақтайтын дұғаларды да айтты.

Еске салайық, Рүстем Жүгінісов мұның алдында "Інілеріңіздің қате әрекетін көргенде оларға насихат айтасыз ба?" деген сұраққа жауап берген еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз