Қостанай облысында газдан уланған әйел мен оның екі баласы қайтыс болды

Қостанай облысында газдан уланған әйел мен оның екі баласы қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz

Қостанай облысында газдан уланған әйел мен оның екі баласы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 30 қазан күні Федоров ауданы Лесное ауылында болған. Бұл туралы Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 1975 жылы туған ер адам газдан уланып, аудандық ауруханаға жатқызылған.

"Ал 1984 жылы туған әйел мен 2013 және 2008 жылы туған балалар оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды, - деп хабарлады Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан