Шымкентте зейнеткер өз пәтерінен өлі табылды

Шымкенттік құтқарушылар жабық тұрған пәтерден қайтыс болған зейнеткерді тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Володарский көшесіндегі пәтерлердің бірінде 85 жастағы әйел қоңырауға жауап бермей, есікті де ашпаған.

Туыстары құтқарушыларды шақырып, есікті бұзып кірген.

Құтқарушылар ішке кірген кезде әйелдің денесін тапқан. Ол қайтыс болған. Әйелдің мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Өлімнің нақты себебін полиция анықтайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!