Өскеменде түрмеге бірнеше смартфон лақтырған күдікті ұсталды

Өскеменде түрмеге бірнеше смартфон лақтырған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін сағат 15:30 қаладағы №16 түзеу мекемесіне бірнеше смартфон лақтырылған.

"Мекеме қызметкерлерімен бірге №6699 әскери бөлімінің бақылау қызметінің взвод командирі К. атты адамды ұстады. Тексеру барысында күдікті сотталғандарға SIM картасы бар бірнеше смартфон лақтырмақ болғаны анықталды", - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тыйым салынған заттар тәркіленіп, құзырлы органға тапсырылды.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз