Тіс дәрігері ауыз қуысының қатерлі ісігінің 7 белгісін атады

Тіс дәрігері ауыз қуысының қатерлі ісігінің 7 белгісін атады
Фото: pixabay.com

Ауыз қуысының қатерлі ісігіне кез келген адам шалдығуы мүмкін, бірақ жас ұлғайған сайын ауруға шалдығу қаупі арта береді. Serene Dental Knightsbridge директоры және бас тіс дәрігері Сафа Әл-Наер бұл диагноз адамдардың көпшілігінде 66 мен 70 жас аралығында қойылатынын айтып, ерте кезеңде көрінуі керек 7 белгіні атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі express.co-ға сілтеме жасап.

Дәрігер ең алдымен тіс маманына тексеріліп тұруға аса назар аударуға шақырды. Маманның айтуынша, ауыз қуысында шыққан, ұзақ уақыт кетпеген жарадан сақ болу керек, өйткені олар ауыз қуысының қатерлі ісігінің алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін.

Назар аударатын тағы бір белгі - аузыңызда қызыл немесе ақ дақтардың пайда болуы. Ауыз қуысының қатерлі ісігі ауыз қуысында "түсініксіз ауырсынуды немесе ұюды" тудырады.

Сонымен қатар ауру шайнау, жұту немесе сөйлесу кезінде сезілетін қиындыққа әкелуі мүмкін.

"Дауыстың қарлығуы немесе тамақ ауруы өсіп келе жатқан ісікті көрсетуі мүмкін", - деді Доктор Сафа.

Сонымен алғашқы белгілер: 

  1. Ауыздағы жаралар;
  2. Аузындағы қызыл немесе ақ дақтар;
  3. Ауыздың немесе еріннің түсініксіз ауыруы немесе ұюы;
  4. Шайнау, жұту немесе сөйлесу қиындықтар;
  5. Дауыстың қарлығуы немесе тұрақты тамақ ауруы;
  6. Беттің ісініп, қалыңдау;
  7. Тістердің бір-біріне жабысуындағы өзгерістер.

"Егер сіз екі аптадан астам уақытқа созылатын осы белгілердің кез келгенін байқасаңыз, тіс дәрігерінен немесе дәрігерден кеңес алуыңыз керек", - деді маман.

Дәрігер ауруды ерте кезеңде анықтау сәтті емдеудің кілті екенін айтты, сондықтан адамдарға 6 ай сайын дәрігерге барып, тексерілуіді ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін гинеколог жатыр мойны обырының байқалмайтын белгілерін атағаны туралы хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ең көңілді жұлдыз белгілері қандай?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә