Дабыл қоңыраулары: гинеколог жатыр мойны обырының байқалмайтын белгілерін атады

Дабыл қоңыраулары: гинеколог жатыр мойны обырының байқалмайтын белгілерін атады
Фото: elements.envato.com

Жиі кездесетін ең қауіпті әйелдер ауруының бірі - репродуктивті жүйенің қатерлі ісігі. Н. Н. Петров атындағы онкология ҒМО ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты Ольга Смирнова жасырын аурудың "қоңыраулары" қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 5-tv.ru-ға сілтеме жасап.

Ең көп таралған қатерлі ісік аурулары - жатыр мойны обыры, жатыр денесінің қатерлі ісігі және аналық без обыры. Гинекологияда да, жалпы медицинада де кез келген онкологиялық процесті айқын созылмалы белгілердің болмауына байланысты тану қиын.

Жатыр мойны обыры - репродуктивті жаста, яғни 35-45 жаста жиі кездесетін ауру.

"Диагноз қоятын кезде кездетін қиындық, ол - қатерлі ісік асқынған кезінде ғана белгі тудырады, ал бастапқы кезеңдерде, әсіресе бірінші кезеңде, тек гистологиялық зерттеу - биопсия арқылы анықталады және іс жүзінде ешқандай белгі тудырмайды", - деп түсіндірді дәрігер.

Дәрігер айтуынша, міндетті түрде назар аудару керек ең көп таралған белгі - бұл қынаптан бөлінетін сұйықтық. Алайда, бұл жаста кез келген әйелде етеккір келетіндіктен, шатасу оңай. Сондықтан, гинеколог бұл жағдайда жатыр мойны обырының басқа белгісіне назар аударуды ұсынды.

Сізді ойландыруы керек белгілер: 

  • жыныстық қатынастан кейін қынаптан бөлінетін сұйықтық;
  • жағымсыз иісі бар сұйықтықтың пайда болуы;
  • іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынудың пайда болуы;
  • сонымен қатар ауырсыну арқаңыздың төменгі бөлігінде болса;
  • жамбасыңыз ауырса.

"Жамбастың ауыруы онкологиялық процестің пайда болуын, жақын маңдағы талшықтарды, нервтер мен тамырларды басып алуын көрсететін клиникалық белгілер", - деп түсіндірді Ольга Смирнова.

Жатыр денесінің қатерлі ісігі - бұл етеккір келуі тоқтайтын жастағы әйелдерде жиі кездесетін диагноз, әдетте 60 жастан кейін қойылады.

"Мұнда да негізгі симптом - бұл қынаптан бөлінетін сұйықтық. Бірақ, бұл жастағы әйелдерге етеккір келмейтіндіктен, олар дәрігерге тез жүгініп, көбінесе бірінші сатыда диагноз қойылады", - деді онколог.

Сонымен қатар, маман әйел іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға назар аударуы керек дейді.

Аналық без қатерлі ісігіне диагноз қою өте қиын. Бұл қатерлі ісік процесі аналық бездерде көбінесе 45 жастан кейін пайда болады.

Белгілердің болмауына байланысты аналық без обырына ерте кезеңде диагноз қою мүмкін емес. Оны ультрадыбыстық диагностика нәтижесінде ғана анықтауға болады, сонымен қатар бұл ісік аналық без кистасын алып тастағаннан кейін кездейсоқ табылуы мүмкін", - деді онкологиялық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері.

Айтпақшы, аналық без қатерлі ісігі көбінесе екінші және үшінші кезеңде анықталады.

Сізде аналық без қатерлі ісігі бар екенін жанама түрде анықтауға болатын алаңдатарлық белгілер:

  • іштің көлемінің ұлғаюы;
  • гастроэнтерологиялық трактпен байланысты құбылыстар;
  • тәбеттің төмендеуі;
  • іш қату;
  • іштің кебуі.

"Аналық без ауру қаупі бар науқастар, ең алдымен, гастроэнтерологқа жүгінеді. Егер сізді кенеттен осындай белгілер мазаласа, дереу дәрігерге көрінуге және диагнозды нақтылау үшін қажетті зерттеулер жүргізуге негіз бар", - деп қорытындылады гинеколог-онколог Ольга Смирнова.

Айта кетейік, бұған дейін әрбір әйел білуі керек онкологиялық аурудың 9 белгісінің тізімі хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жүкті әйелдерге неге түйе етін жеуге болмайды?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә