Салтанат Әзірбек: "Іштей әрқашан форма киюді армандаушы едім"

ARU LIFE жобасының кезекті қонағы – Салтанат Әзірбек, полиция полковнигі, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі, төрт баланың анасы. Журналистер қауымы ерекше сыйлайтын Алматы полициясы баспасөз қызметінің жетекшісі  Ольга Спиринаға мамандығының қауіпті тұстарын, емізулі сәбиі мен жұмысына қалай үлгергенін айтып берді.

ARU LIFE жобасының серіктесі – Аltel ұялы байланыс операторы.

Салтанат Әзірбек Шымкент қаласында инженер мен педагогтың отбасында дүниеге келген, алты баланың төртіншісі. 1998 жылы ол Қазақ мемлекеттік заң академиясының тергеу-криминалистика факультетіне оқуға түсу үшін  Алматыға келген, бірақ журналист болуды армандапты.  Сондықтан Салтанат 3 курста оқып жүріп, «Оңтүстік астана» телеарнасының қылмыстық хроникасында жұмыс істей бастапты.  

«Түнде кезекшілікке шығып, материал жинайтынбыз. Таңертең сабаққа барып, сол жерде мәтін жазып, сабақ біте салысымен, түстен кейін монтажға жүгіріп баратынбыз. «Алматының жедел қызметі» атты бағдарламамыз жұмыс күндері сағат 19:40-та эфирге шығатын. Мен үшін бұл журналистика саласындағы теңдессіз тәжірибе болды. ЖОО қалыптасып қалған журналист ретінде аяқтадым, өмірімді сол салаға арнаймын деп ойдадым. Бірақ  іштей әрқашан форма киюді армандайтынмын», - дейді Салтанат Әзірбек.

2003 жылы Салтанат баспасөз-қызметінің инспекторы ретінде сапқа тұрса, 2008 жылы Алматы полициясы баспасөз-қызметінің жетекшісі болып тағайындалды. Жұмысының шын мәнінде қауіпті екенін атап өткен қонағымыз өмір мен өлім арасында қалған жағдайларын еске алды. 

«Мұндай жағдайлар өте көп болды. Әсіресе, полиция қызметіне енді аяқ басқан кездері. Аға лейтенант кезімде үйге қайтып келе жатып, жалғыз өзім көлік ұрыларын қолға түсірдім десем де болады. Олардың көлікті айналшықтап жүргенін байқадым да, жасырынып, біраз бақыладым. Экипажға хабар бердім. Панфилов көшесі арқылы Тузов көшесіне кіру керегін айтып, бағытын нұсқадым. Сол тұстан кірсе, қылмыскерлер маған қарай қашатын болды. Сол кезде мен атып шығып, біреуін иығыммен қағып құлаттым, екіншісін патруль келіп, көмектескенше жібермей, ұстап тұрдым. Бұл оқиға ерекше есімде қалды», - деп естелігін бөлісті полиция полковнигі.

Салтанат Әзірбектің бүкіл елге қауіп төнген оқиғаларды да еске алды.

«Өлім мен өмірдің арасында қалған сәтім деп 2022 жылғы қаңтар айын айтуға болады. Елімізге үлкен қауіп төнді, мемлекетіміздің конституциялық жүйесіне қол сұғуға әрекет жасалды. Ол кезде мен ішкі істер органдарының қызметкері ретінде ант қабылдағандықтан, өзімнің қызметтік міндетім мен борышымды орындадым. Сол жылы менің кенже балам небәрі 3 айлық, емізулі сәби еді. Мен жұмыс істеп жүріп, үйге барып, емізіп жүретінмін. 4 қаңтар күні бүкіл гарнизонды дабыл бойынша күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіріліп, үйіме тек 11 күннен кейін ғана жеткен кезде балам сүт қоспасына толықтай көшірілді. Сол кезде өмірім мен денсаулығыма шын мәнінде қауіп төнді, - дейді Салтанат Әзірбек.

Еліміз қатермен бетпе-бет келген кезде полиция қызметкері мұндай сәттерде форма жынысы, жасы мен басқа да белгілерге қарамастан, бәрін теңестіретінін түсінген.

«Мұндай жағдайда ешкім әйел екенсің деп, жеңілдік жасамайды. Күшейтілген жұмыс тәртібі мен қауіп-қатерге, оның ішінде, террорлық сипаттағы қауіпке тойтарыс беру кезінде әйел адамдар әскери бірлік деп саналады. Ұлты, нәсілі, жынысына бөлінбейді. Біз әскери бірлікпіз, ер адамдар секілді қаруланып, шабуылға тойтарыс беруге дайын болдық. Және тойтарыс бердік те», - дейді Салтанат.

ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы. Аltel Қазақстанда 4G-ден ондаған есе жылдам 5G технологиясын белсенді дамытуда.