Құрамында миға қауіпті паразит болуы мүмкін 3 өнім аталды

Құрамында миға қауіпті паразит болуы мүмкін 3 өнім аталды
Фото: pixabay.com

Нейробиолог Роберт Лав құрамында адамның миына енуге қабілетті паразиттер болуы мүмкін 3 өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі LadBible-ге сілтеме жасап.

Біріншіден, қауіпті паразиттер шошқа етінде болуы мүмкін. Сондықтан сарапшы етті дүкеннен емес, сенімді фермерлерден сатып алуды ұсынды.

Екіншіден, паразиттерді арнайы жерлерде өсірілген ақсеркеден(лосось) табуға болады.

Сарапшының айтуынша, денсаулық пен миға өте пайдалы шағын тоғанда өсірілген ақсеркенің жабайы ортада өсірілгеннен басты айырмашылығы, оның құрамында паразит болуы мүмкін.

Үшіншіден, паразиттер сушиде болуы мүмкін. Маман олардың шамамен 30 пайызында қауіпті құрттар бар екенін айтты.

Паразиттер сіздің денеңізге енгеннен кейін тікелей миға барады.

Айта кетейік, бұған дейін жапон тағамындағы паразиттері бар танымал видеоны қазақстандық дәрігер бағалағаны хабарланған еді.

Қазақстандық эпидемиолог Бағила Төлепбайқызы арнайы сараптамасыз видеода нақты қандай паразиттер көрсетілгенін айту қиын екенін айтты. Видеодағы балық дұрыс өңделмеген, оның бетінде гельминттердің дернәсілдері мен жұмыртқалары қалған болуы мүмкін.

Маман суши немесе роллды санитарлық нормаларға сай жұмыс істейтініне сенімді болған жерде ғана жеуге болатынын ескертті.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жігіт түйе деген қандай дәстүр?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә