Алматыда субұрқақтарды консервациялау жұмыстары аяқталды

Алматыда субұрқақтарды консервациялау жұмыстары аяқталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда субұрқақтар маусымы аяқталды, мамандар күзгі-қысқы кезеңде құрылыстарды консервациялау бойынша жұмыс жүргізді.

Осы жұмыстар барысында субұрқақа нысандарындағы су ағызылды, тостағандар мен құбыр жүйелері тазартылды, тиісті жабдықтар шығарылды, оларды қыс мезгілінде келесі жұмысқа дайындау жоспарлануда. Субұрқақтар дәстүр бойынша мамыр айынан бастап жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы 24 субұрқақты реконструкциялау жобасын әзірлеуде.

Біз қаланың коммуналдық меншігіндегі реконструкцияланатын субұрқақтардың тізімін жасадық. Бұлар- Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, Цирк, Республика алаңы қарсысындағы қала әкімдігі, Жамбыл ескерткіші мен Медеу БСК жанындағы субұрқақтар. Қызмет көрсетумен «Eco Almaty» ЖШС айналысады. Жоба 2024 жылы жүзеге асырылады, - деді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының жайлы қалалық орта бөлімінің басшысы Ернар Бөкешов.

Айта кетерлігі, 150 субұрқақ жұмыс істейді, оның 65 – і қала балансында, қалғандары-жекенікі. Ағымдағы жылы «Солтүстік» скверіндегі ҚБТУ ғимаратының артындағы субұрқақ қайта жаңартылды. Өткен жылы Оқушылар сарайының алдында «құрғақ» субұрқақ ашылды, сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін «Әуежай даңқы» саябағында «құрғақ» субұрқақ ашу жоспарлануда.

Бұдан өзге Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы 24 субұрқақты реконструкциялау жобасын әзірлеп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай