Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары Федерациясын Қазақстан басқаратын болды

Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары Федерациясын Қазақстан басқаратын болды

26-29 қазанда Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында X Дүниежүзілік конгресс өтті. Осы планетарлық ауқымдағы іс-шара аясында Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Президенті Болат Ақшолақов Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Президенті болып сайланды. Бұл біздің еліміз үшін де, әлемдегі ЮНЕСКО Клубтық қозғалысы үшін де тарихи сәт болып табылады.

Қазақстанның халықаралық ұйымның бастамалары мен жобаларын іске асыру саласындағы бірегей тәжірибесін Конгреске қатысушы елдер жоғары бағалады.  Отырыс барсыныда спикерлер жаңа басшының келуімен Дүниежүзілік федерацияның одан әрі табысты дамуына үміт артты. Болат Ақшолақовтың кандидатурасын Конгресстің көптеген қатысушы елдерінің өкілдері қолдады. Олардың барлығы Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімнің жоғары деңгейін растады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының тұрақты қолдауы біздің еліміздің жеңісіне қол жеткізудегі шешуші сәт болды.

Әлемдік клуб қозғалысы алғаш рет 1947 жылы Жапонияда пайда болды. ЮНЕСКО-ның негізгі басымдықтары мен құндылықтарын азаматтық қоғам арасында кеңінен насихаттау мақсатында бастау алған. Бүгінгі таңда бұл қозғалыс әлемнің 90-ға жуық елінде кеңінен таралып, 5000-ға жуық ұйымды қамтиды.

Болат Ақшолақов өз сөзінде: "Қазақстандық Федерация үшін жастар әрқашан басымдыққа ие болды. Осыған байланысты, біз барлық жинақталған тәжірибені енгізуді және бүкіл әлем бойынша ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының болашақ көшбасшыларын даярлау үшін берік негіз қалауды ұсынамыз» - деп атап өтті.

Айта кету керек, соңғы 12 жыл ішінде Болат Ақшолақовтың басшылығымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Осылайша, Федерация 190 клубты 17,000-нан астам белсенді мүшелерін біріктіре отырып, 45-тен астам елдің қатысуымен 550-ге жуық іс-шараны сәтті ұйымдастырды. Олардың ішінде 75 000-ға жуық қатысушыны қамтыған The Planet of ART халықаралық жастар фестивалі ерекше назар аударды.

Дүниежүзілік Федерацияның Президенті болып сайланғаннан кейін, ЮНЕСКО-ның Жер шарының барлық аймақтарындағы қауымдастықтары мен клубтарын нығайту және дамыту, олардың танымалдығы мен жергілікті қауымдастықтардағы рөлін арттыру, жаңа қауымдастықтар мен клубтардың санын кеңейту қажеттілігі басым міндеттер ретінде айқындалды. Дүниежүзілік Федерацияның негізгі бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыру үшін ЮНЕСКО және мүше мемлекеттердің үкіметтерімен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылыс білдірілді.

ЮНЕСКО клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясы ұсынған материал

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә