Адасып кетіп, бір жолмен жүре берген: Атырауда бес күннен бері іздестірілген адам табылды

Адасып кетіп, бір жолмен жүре берген: Атырауда бес күннен бері іздестірілген адам табылды
Фото: Атырау ТЖ

Атырауда жоғалған тұрғын Батыс Қазақстан облысынан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап. 

47 жастағы ер адам жоғалғаны туралы ақпарат 28 қазанда белгілі болған. Үш күн бұрын ол мотоциклімен мал іздеуге кетіп, содан оралмапты. Туыстары ер адамның ішімдік ішпейтінін, ешқандай есепте тұрмағанын және жағдайы жақсы екенін айтқан.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамның мотоциклін кеткен жерінен 30-40 шақырым жерден тауыпты. Көлікте жанармай таусылған болып шықты.

30 қазанда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала елді мекенінде кинологтың көмегімен ер адамның өзі табылды. Ол тікұшақпен үйге жеткізілді.

Құтқарылған адамның сөзінше, адасып кеткен, бірақ бір жолмен жүре берген. Осылайша, ол Атырау облысының аумағынан шығып кеткен.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова