"Іші толы қан". Нағашы атасы зорлаған 3 жасар егіздің анасы жантүршігерлік деректер айтты

Бақанастағы сұмдықтың нүктесін қою үшін қорланған қыздардың анасы Алтынай Шалтабай келді. Қорланған егіздердің анасы Алтынай күдікті дәл осындай зорлықты сіңлісіне де жасаған айтты. Бүгінде өз қыздарының тағдырына жауапкершілікпен қарамаған ана ата-ана құқығынан айырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Мен негізі өзімнің екі қызымды Аслан деген жігітпен көңіл қосып, содан босанғанмын. Өгей әкем - Арслан (күдікті). Ол басында маған көңіл білдірген. Кішкене жүріп сосын мінезі ұнамағаннан кейін одан құтылдым. Артынша ол менің шешеме заңды түрде үйленді. Мен қыздарымды анама қалдырып, мал жақта жүрдім. Кешке ұйықтауға келгенде қызым ыңырсып, мазасызданып ұйықтай алмады", - дейді әйел адам.

Алтынай қызы жаялыққа бүлдіріп қойды ма деп ойлаған.

"Сөйтсем жаялықтың іші толы қан. Бірден түнгі 5-те жедел жәрдем шақырдым. Сол жерде осындай жағдай болғанын білдік. Анамнан сұрасам "Мен ештеңе білмеймін" деді. Меніңше ол ештеңе білмейтін деңгейде мас болды. Бұған дейін егіздердің үлкенінде осындай жағдай болған. Ол кезде де білмейміз. Алыс жолға шыққанбыз. Жолда баланың қызуы көтерілді. Жөргегін ашып қарасақ тоқ ішегі мен алдыңғы жағы бірігіп кеткен жыртылып, қансырап. Оның барлығын айтып полиция шақырайық десек Арсланның шешесі "бүкіл туыстарыңды, отбасыңды жоқ қыламыз" деп қорқытты", - дейді Алтынай.

Оның сөзінше, қызы ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болған.

"Енді оларды өзімнің қамқорлығыма алғым келеді. Осының бәріне себепші анама өлім жазасын берулерін сұраймын. Бұл Арсылан осыған дейін 7 жасар сіңліме де осындай әрекет жасаған. Көсеу басып, қанды тоқтатты деген әңгіменің бәрі рас", - дейді 3 жасар егіз қыздардың анасы Алтынай Шалтабай.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!