Заңғар Нұртастың екінші әйелі күйеуінің өзіне ұнайтын үш қасиетін атады

Әнші Заңғар Нұртастың екінші әйелі күйеуінің өзіне ұнайтын үш қасиетін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсер, Заңғар Нұрстастың анасы Гүлзира Айдарбекованың сторисмейкері оның келіні Индирадан "Заңғар мырзаның сізге ұнайтын үш қыры қандай?" деп сұраған.

"Заңғардың маған ұнайтын еш қасиеті? Оның қолы ашық, мейірімді және қамқор", - деп жауап берді ол.

Бұл жауапты естігенде Заңғар Нұртас жымиып қалды.

"Керемет, бәрі көңілден шықты", - деді Заңғар Нұртас құдалық туралы.

Ал Заңғар Нұртастан әйелінің жеңгелері оны "сұрақтың астына алған". Бір жеңгесі Заңғардан әйелі Индираның толық туған күнін, ал бір жеңгесі оның киімінің өлшемі мен сүйікті тамағын сұраған.

"12.02.2003, ал киімінің өлшемі - 38, сүйікті тамағы - лағман", - деп жауап берді ол.

Жеңгелерінің айтуынша, барлық жауап дұрыс. Осыдан кейін әнші әйелінің жеңгелеріне ақша ұсынып қана, оның бөлмесіне кіреді.

Еске салайық, бұған дейін екінші рет үйленген Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртастың құдалығынан видеолар тараған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!