"5-6 бала жабылып түсіріп алды". Гүлзира Айдарбекова ұлының қайын жұртына жүк көлікті толтырып зат апарған

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Заңғар Нұртастың құдалығы қалай өткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында ұлы Заңғардың құдалығынан стористер салып жатыр.

"Қазақстандағы ТОП құдалықтардың бірі болды! Құдаларымыз керемет адамдар екен",

"1 жүк көлігін толтырып әкелген заттарды 5-6 бала болып жабылып жүріп түсіріп алдық", - деп жазды ол. 

Продюсер кейінірек құдалықтағы "маңызды сәт" қоржынды ашу сәтінін де бірнеше видео жүктеді.

Онда ол "әулеттің үлкен апасы" мен өз құдағиына, құдасына және тағы бірнеше адамға алтын, бриллиант таққан және келіні Индираға апарған киімдерін де көрсетті.

"Келініме барлығын өзім таңдап алып бардым", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!