Астролог еркіндікті жақсы көретін жұлдызнама белгісін атады

Тәжірибелі астролог Индира Садыкова өзінің инстаграм парақшасында еркіндікті жақсы көретін жұлдызнама белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл жұлдыз белгісі өкілдері басқалардың оларды басқарғанын мүлдем жақсы көрмейді, олар әрекет еркіндігін, сөз еркіндігін, шешім қабылдау еркіндігін жақсы көреді. Бірақ мен қандай да бір кештер немесе арсыз еркіндік жайлы айтып тұрған жоқпын. Мен ішкі еркіндік, ішкі әлемнің еркіндігі жайлы айтып тұрмын. Бұл белгі өкілдері басқалардың оларға нұсқағанын, оларды шектегенін жақсы көрмейді. Олардың бүкіл өмірі саяхаттаумен, ойын-сауықпен және мансап бойынша өсумен байланысты. Олар кімдер деп ойлайсыздар? Олар - Суқұйғыштар", - деді астролог Индира Садыкова.

Жұлдызжорамал: қараша айында кімдер қаржылық проблемалардан құтылады?