Алматыда пәкістандық төрт азамат ұсталды

Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының көші-қон қызметінің хабарлауынша, 30 қазанда Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматы ұсталды.

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша заң бұзған. Қалаға келген шетелдіктер хостелге орналасқан. Олардың жоспарлары мен қылмыстың себептері тергеу барысында белгілі болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз