Дәурен Елеусінов Ыстанбұлдағы бокс кешінде қарсыласына есе жіберді

Дәурен Елеусінов Ыстанбұлдағы бокс кешінде қарсыласына есе жіберді

Кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов (11-2-1, 10 КО) Ыстанбұлда өткен бокс кешінде жеңіліс тапты. Ол танзаниялық боксшы Пиус Мпендаға (8-1, 4 КО) төрешілер шешімі бойынша жол беріп, WBC PEACE чемпиондық атағын иелене алмады.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек жоспарланған 10 раунд бойы өтті. Шаршы алаңдағы шайқас қорытындысы бойынша төрешілер қарсыласын жеңімпаз деп таныды. 

Пиус Мпенда кәсіпқой мансабындағы 9-шы жеңісіне қол жеткізсе, Дәурен Елеусінов 3-ші рет жеңілістің кермек дәмін татты. 

Дәурен биыл тағы бір жекпе-жек өткізген. Наурыз айында өзбек боксшысы Бахром Паязовты (22-22, 15 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай