9 жастағы әпкесі шомылдырғысы келген: Екібастұзда үш жасар бала ыстық суға күйіп қайтыс болды

9 жастағы әпкесі шомылдырғысы келген: Екібастұзда үш жасар бала ыстық суға күйіп қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz

Екібастұзда үш жасар бала күйік салдарынан қайтыс болды, оның денесінің 40 пайызын күйік шалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 қазанда 02:25-те қайнаған судан күйік шалу туралы хабарлама түсті. Дәрігерлер оқиға орнына алты минутта жетті. 

"Термиялық күйік шалған үш жасар қыз бала қайтыс болған. Денесінің 40%-ын күйік шалғаны анықталды", - деп хабарлады басқарма.

Анасының айтуынша, 29 қазанда сағат 14:00-де тоғыз жастағы қызы үш жастағы сіңлісін шомылдырғысы келген. Абайсызда қайнап тұрған суы бар легенді қолынан түсіріп, балаға су шашылған. Күндіз балаларды әжесі мен атасы қарап қалған. Ешкім медициналық көмекке жүгінбеген. Анасы бұл жағдай туралы кешкі уақытта біліп, бірден жедел жәрдем шақырған. 

Дәрігерлер қайнаған сумен күйік алған жағдайда суық ағынды сумен немесе дененің зақымдалған бөлігін суық суға малынған сүлгімен орау арқылы салқындату керегін ескертеді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан